Қазақстандық 3 боксшы әлем чемпионы атанды
Бокстан 23 қараша-4 желтоқсан аралығында Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан жасөспірімдердің әлем чемпионатында қазақстандық 3 спортшы қыз топ жарды, деп хабарлады Elorda info.
Қыздардың арасында төртінші мәрте ұйымдастырылып жатқан әлем біріншілігінде ел намысын барлық 13 салмақта қорғап, 3 алтын, 5 қола жүлдеге қол жеткізді.
54 келі. Аяжан Сыдық — Амиш Керкетта (Үндістан) 5:0
60 келі. Толғанай Қасымхан — Кира Леонова (Ресей) 3:2
66 келі. Айсұлу Мұхит — Амалиа Тугуй (Румыния) 3:2
3-орын. 48 келі. Сила Биболсынқызы
3-орын. 50 келі. Гаухар Зарден
3-орын. 52 келі. Айша Сариева
3-орын. 63 келі. Алина Кудайгенова
3-орын. 80 келі. Құралай Егінбайқызы
Ел тарихына көз жүгіртсек, жасөспірім қыздар арасындағы әлем біріншілігінде 3 бірдей жерлесіміз алғаш рет чемпион атанып отыр.
2011 жыл. Түркия — 1 алтын, 3 қола
1-орын. 70 келі. Айдана Арапбай
2013 жыл. Болгария — 5 күміс, 6 қола
2015 жыл. Тайпей — 1 алтын, 2 күміс, 4 қола
1-орын. 66 келі. Надежда Рябец
2023 жыл. Армения — 3 алтын, 5 қола
Бүгін финалдық жекпе-жектің екінші күнінде ұлдар арасынан 54 келідегі Нұрасыл Төлебек үнді боксшысы Жатин Жатинмен жұдырықтасады.
Қанат Байұзақов