Спорт

Қазақстанда биыл 21 халықаралық спорт турнирі өтеді

Жыл соңына дейін Қазақстанда балалар-жасөспірімдер және параспорт жарыстарын қоса алғанда, түрлі көлемдегі 21 халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Атап айтқанда, елімізде Kazakhstan International Series 2023 бадминтоннан халықаралық турнир (қазан-қараша), сондай-ақ Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан турнир (желтоқсан) жоспарланған. Сонымен қатар, еркін күрестен Д.Қонаев атындағы халықаралық жарыс (қазан-желтоқсан), жеңіл атлетикадан А.Тұяқовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир (желтоқсан), үстел теннисінен 2023 WTT contender Almaty (29 тамыз - 3 қыркүйек) жарыстары және басқа да спорттық сайыстар бар.

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен: армрестлингтен әлем чемпионатын (тамыз-қыркүйек) және джиу-джитсудан AJP Tour Astana Championship халықаралық турнирін ерекше атап, көрсетуге болады. Параспорт: волейболдан Азия чемпионаты (шілде) елімізде өтеді.

-->

Халықаралық турнирлерді ұйымдастырудың бірнеше мақсаты бар. Ең алдымен, бұл спортқа деген жалпы қызығушылықты арттыру және оны танымал ету. Сондай-ақ, мұндай жарыстар біздің спорттық инфрақұрылымымызды пайдалануға, оның әлемдік стандарттарға сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. Ал, спортшыларымыз жоғары деңгейде құнды тәжірибе алады. Әрине, осындай іс-шараларды ұйымдастыру кезінде біз шығындарды барынша азайтуға баса назар аударамыз, - деді МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.