Спорт

Қазақстанда қанша адам спортпен шұғылданады

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту Қазақстан үшін аса маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы – бұл 8 миллионнан астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу міндеті қойылған.

2024 жылдың қорытынды мәліметі бойынша спортпен айналысатындардың жалпы саны – 8 406 213 адам. Оның ішінде жас ерекшелігіне қарай:

• 3-5 жас: 141 872 адам – ауылдық жерлерде: 26 046;

• 6-13 жас: 2 575 711 адам – ауылдық жерлерде: 1 002 016;

• 14-18 жас: 2 009 876 адам – ауылдық жерлерде: 748 253;

• 19-35 жас: 2 329 977 адам – ауылдық жерлерде: 828 564;

• 36-65 жас: 1 242 922 адам – ауылдық жерлерде: 485 969;

• 65 жастан жоғары: 106 694 адам – ауылдық жерлерде: 20 434.

Спортпен белсенді айналысатындардың үлесі бойынша көшбасшылар (пайыздық көрсеткішпен):

• Алматы қаласы – 11,37%;

• Түркістан облысы – 10,53%;

• Астана қаласы – 7,15%;

• Алматы облысы – 7,64%;

• Шымкент қаласы – 6,48%53.