Спорт

Қазақстан жазғы Универсиадада алғашқы алтын медальды алды

Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада алғашқы алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Таеквондо жарысында 67 келі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров финалда Түркиядан барған спортшыны жеңіп, жазғы Универсиаданың жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, бүгінде ел қоржынында 1 алтын, 6 қола медаль бар.