Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия біріншілігінің жартылай финалына өтті
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ширек финалда отандастарымыз Сингапур командасымен шеберлік байқасты.
Тартысқа толы матчта Қазақстан құрамасы 10:7 есебімен жеңіске жетті.
Енді жартылай финалда Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.