Спорт

Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен Венгриядағы турнирге қатысады

Біріккен күрес әлемі (UWW) Будапештте (Венгрия) өтетін рейтингтік турнирге қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

UWW әйелдер күресі бойынша ұлттық құрамалардың өтінімдерін ресми түрде жариялады.

Қазақстан атынан бұл жарысқа жеті балуан қатысады:

50 келіге дейін: Светлана Анкичева

53 келіге дейін: Зейнеп Баянова

57 келіге дейін: Нилуфар Раимова

62 келіге дейін: Тыныс Дүбек

68 келіге дейін: Ирина Казюлина

72 келіге дейін: Жәмила Бақбергенова

76 келіге дейін: Эльмира Сыздықова

Айта кетейік, турнир 17 шілдеде басталады.