Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында екінші алтын медальді жеңіп алды
Таеквондодан Фуджейра қаласында (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны екінші алтын медальмен толықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Жантөре Сағынғали финалда украиналық спортшы Максим Шудженконы сенімді түрде жеңіп шықты.
Сондай-ақ жарыстың үшінші күні Қазақстан екі қола медаль жеңіп алды: жүлдегер атанғандар – Алла Цой (47 келіге дейін) мен Аида Ғожалымова (51 келіге дейін).
Еске сала кетейік, бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Хамзаальпер Ромашкин әлем чемпионы атанған болатын.