Қазақстан су добынан Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Қытайдың Чжаоцин қаласында су добынан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары құрлықтық біріншілікте үшінші орынға ие болды.
Ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен матчта Иран командасын жеңді.
Әйелдер арасындағы турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Қазақстандық спортшылар бес кездесу өткізіп, Сингапур, Гонконг және Өзбекстан құрамаларын ұтты. Жапония мен Қытайға қарсы ойындарда жеңіліс тапты.