Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс жолдады
Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге үмітті елдерден өтінім қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізу құқығына Қазақстан, Бразилия, Қытай, АҚШ және Франция таласады.
2028 жылғы командалық әлем чемпионатын өткізуге Қытай, Ирак, Италия және Жапония, ал 2029 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Аустралия, Бразилия, Қытай, Германия, Ирак және АҚШ үміткер болады.
Үш ITTF турнирі туралы шешім 2025 жылдың 27 мамырында федерацияның жалпы жиналысында дауыс беру нәтижесі бойынша қабылданады.
Қазақстанда үстел теннисінен әлем чемпионаты ешқашан өткен емес. 2024 жылы жарыс Кореяның Пусан қаласында өтсе, 2025 жылы Қатар астанасы Дохада, 2026 жылы Лондонда өтеді.