Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Батумиде (Грузия) өтетін халықаралық WTT Youth Contender Batumi турниріне қатысады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жүлделер 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі санаттарда сарапқа салынады.
Бұл жарыста Әзербайжан, Англия, Болгария, Голландия, Грузия, Үндістан, Израиль, Қырғызстан, Литва, Молдова, БАӘ, Польша, Словакия, Солтүстік Македония, Түрікменстан, Түркия, Украина және Франция спортшылары бақ сынайды.
Айта кетейік, турнир 18-21 қыркүйек аралығында өтеді.