Спорт

Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңе ала ма?

Бүгін түнде футболдан ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Ирландия футболшыларымен кездеседі, деп хабарлады Elorda.info.

Солтүстік Ирландияда кімдер ойнайды?

Бір қызығы, Солтүстік Ирландияда 1 ғана футболшы (Конор Майкменамин) жергілікті чемпионатта доп тебеді. Қалған футболшылардың барлығы дерлік, ағылшын премьер-лигасы, чемпионшипте ойнайды. Ең жұлдызды ойыншысы – 35 жастағы Джонни Эванс. Кезінде «Манчестер Юнайтед» сапында 3 дүркін Англия чемпионы, 1 рет Чемпиондар лигасын жеңген. Ұлттық құраманың орташа жасы – 25,2 жас. Қазақстан құрамасы – 27 жас.

3 күн бұрын Данияға қарсы ойында шыққан ойыншылар:

Қақпашы: Бэйли Пикок-Фаррелл (26 жас, «Бернли» (Англия)

Қорғаушылар: Пэдди Макнейр (28 жас, «Мидлсбро» (Англия)

Джонни Эванс (35 жас, «Лестер» (Англия)

Сиарон Браун (25 жас, «Оксфорд Юнайтед» (Англия)

Жартылай қорғаушылар: Конор Брэдли (19 жас, «Ливерпуль» (Англия)

Али Маккэнн (23 жас, «Престон» (Англия)

Ши Чарльз (19 жас, «Манчестер Сити» (Англия)

Джордж Сэвилл (30 жас, «Миллуол» (Англия)

Трей Хум (21 жас, «Сандерленд» (Англия)

Джордан Томпсон (26 жас, «Сток Сити» (Англия)

Шабуылдаушылар: Шейн Лейвери (24 жас, «Блэкпул» (Англия) - өткен маусымда 27 ойын өткізіп, 2 гол салды.

Айзек Прайс (19 жас, «Эвертон» (Англия) - өткен маусымда «Вест Хэм» U21 сапында 24 ойын өткізіп, 3 гол салды.

Дейл Тейлор (19 жаста, «Ноттингем Форест» (Англия) - өткен маусымда 30 ойын өткізіп, 9 гол салды.

Дион Чарльз (27 жас, «Болтон» (Англия) - өткен маусымда 44 ойын өткізіп, 17 гол салды.

Конор Майкменамин (27 жас, «Гленторан» (Солтүстік Ирландия) - өткен маусымда 30 ойын өткізіп, 11 гол салды.

Каллам Маршалл (18 жаста, «Вест Хэм» (Англия) – 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде 3 ойында 4 гол соққан. Өткен маусымда «Вест Хэм» U18 сапында 17 ойын өткізіп, 16 гол салды.

Дегенмен, Қазақстан құрамасымен баға құны жағын салыстырар болсақ, сәл ғана айырмашылық бар.

Қазақстан – 21,25 млн еуро. Солтүстік Ирландия – 25,20 млн еуро.

Ең қымбат ТОП-3 ойыншысы:

Пэдди Макнейр (28 жас, «Мидлсбро» (Англия) – 4,5 млн еуро

Джонни Эванс (35 жас, «Лестер» (Англия) – 3 млн еуро

Али Маккэнн (23 жас, «Престон» (Англия) – 2,8 млн еуро

Қазақстанның ең қымбат ТОП-3 ойыншысы:

Бактиер Зайнутдинов (25 жас, «ЦСКА» (Ресей) – 6 млн еуро

Нұралы Әліп (23 жас, «Зенит» (Ресей) – 1,2 млн еуро

Марат Быстров (31 жас, «Ахмат» (Ресей) – 1 млн еуро

Қандай ерекшеліктері бар?

Физикалық жағынан өте мықты. Дания, Финляндия құрамасынан жеңілсе де, көп шабуылдарды 2-таймда ұйымдастырған. Былтырғы Ұлттар лигасында Косово, Кипр, Грекияға қарсы өткен ойындарда 7 голдың 5-уі екінші таймда соғылған. Соңғы секундқа дейін беріспей ойнайды. Косово (2:1), Кипр (2:2) ойындарында жеңіс және құтқару голдары қосымша минуттарда салынды.

2012 жыл. Қазақстан – Ирландия 1:2 (89 минутқа дейін Қазақстан жеңіп тұрды)

2019 жыл. Шотландия – Қазақстан 3:1 (1-таймда Қазақстан жеңіп тұрды)

Стандарттар жағын жақсы пайдаланады. Әуедегі допқа талас, қапталдан шабуылдың ұйымдастырылуы, баспен гол соғу – бұл британдық футбол стиліне тән дүние.

Қазақстан алғашқы таймда гол салуы мүмкін. 2022 жылдан бергі ойындарда Солтүстік Ирландия өз қақпасына міндетті түрде гол жіберген. Кезінде Қазақстан құрамасы Шотландия, Ирландия қақпасына алғашқы таймдағы голдарын айтуға болады.

Қандай стадионда өтеді?

«Уиндзор Парк» 1905 жылы салынған. 2021 жылы УЕФА Суперкубогын («Челси» мен «Вильярреал» 1:1, пен, 6:5) қабылдады. 18 мыңнан астам жанкүйерді қабылдай алады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->