Спорт

Қазақстан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясындағы екінші матчында Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңді, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде үш минут айырмашылықпен Александр Симахин мен Даниил Медведев шайба соқты. Ал екінші кезеңде Егор Кравченко мен Тимур Миндубаев көзге түсті.

Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ойын 4:0 есебімен аяқталып, Қазақстан Венгрияның Секешфехервар қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Сергей Старыгиннің шәкірттері келесі ойынын 23 сәуірде Дания құрамасына қарсы өткізеді.