Қазақстан семсерлесуден Азия кубогында үш медаль жеңіп алды
Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ауқымды турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медальға қол жеткізді. Барлығы – қола жүлде.
Қыздар арасында қылышпен айқасудан Наиля Исхакова үздік үштікке енді. Ал Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде үшінші орын алды.