Спорт

Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты

Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) шорт-тректен World Tour турнирінің кезекті кезеңі басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы күні халықаралық турнирдің іріктеу кезеңдері өтті.

Қазақстанның екі командасы жарыстың жартылай финалына шықты. Ерлер мен әйелдер құрамасы аралық эстафетада сәтті өнер көрсетті.

Айта кетейік, жарыстың жартылай финалы 14 желтоқсанға жоспарланған.