Спорт

Қазақстан құрамасы таеквондодан әлем кубогында қола медальға қол жеткізді

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Отандастарымыз жартылай финалға дейін жетті. Алайда, Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен жол берді.

Ал қола жүлде үшін өткен айқаста қазақстандықтар Марокко спортшыларын 2:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан жыл соңында өтетін әлем кубогына жолдама алды.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетті. Бұл кезеңде отандастарымыз қытайлықтарға 2:0 есебімен жол берді.