Спорт

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатында бақ сынайды

Алматыдағы ADD USTEL TENNIS ORTALYGY кешенінде 18-20 сәуір аралығында үстел теннисінен Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыста жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына (29-шы рет өтетін) қатысу үшін төрт жолдама (жігіттер арасында – 2, қыздар арасында – 2) сарапқа салынады.

Бұл турнирде Иран, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары бақ сынайды.

Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар:

Алан Құрманғалиев, Абдулла Мамай, Нұрислам Қасым, Данян Ши, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Виктория Мочалкина және Ноила Ханиязова.

Ойындар кестесі (Астана уақыты бойынша):

18 сәуір, 10:00 – қыздар:

Қазақстан – Иран;

Қырғызстан – Өзбекстан.

18 сәуір, 14:00 – жігіттер:

Қазақстан – Қырғызстан;

Иран – Өзбекстан.

19 сәуір, 10:00 – қыздар:

Қазақстан – Қырғызстан;

Иран – Өзбекстан.

19 сәуір, 14:00 – жігіттер:

Қазақстан – Иран;

Қырғызстан – Өзбекстан.

20 сәуір, 10:00 – қыздар:

Қазақстан – Өзбекстан;

Иран – Қырғызстан.

20 сәуір (қыздар ойыны аяқталғаннан кейін бірден) – жігіттер:

Қазақстан – Өзбекстан;

Иран – Қырғызстан.