Спорт

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде төртінші себетте болады

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы төртінші себетте болады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

ФИФА рейтингіне сәйкес командалар төрт себетке бөлінген. АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына іріктеу 21 наурыз бен 18 қараша аралығына жоспарланған.

Қазақстан құрамасының мүмкін болатын қарсыластары:

1-себет: Аустрия, Англия, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, Португалия, Нидерланд, Франция, Хорватия және Швейцария.

2-себет: Венгрия, Грекия, Норвегия, Украина, Уэльс, Польша, Түркия, Румыния, Сербия, Словакия, Чехия және Швеция.

3-себет: Албания, Босния және Герцеговина, Грузия, Израиль, Исландия, Ирландия, Словения, Солтүстік Македония, Солтүстік Ирландия, Финляндия, Черногория және Шотландия.

4-себет: Армения, Әзербайжан, Болгария, Косово, Кипр, Қазақстан, Латвия, Литва Люксембург, Эстония және Фарер аралдары.

5-себет: Андорра, Гибралтар, Лихтенштейн, Мальта, Молдова, және Сан-Марино.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі 13 желтоқсанда УЕФА штаб-пәтері орналасқан Ньон қаласында өтеді.