Спорт

Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көрермендер асыға күткен көкпардан жеңімпаз анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Финалдық бәсекеде бұған дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермеген Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары жолықты.

Қазақстан финалға дейін Өзбекстанды 16:0, АҚШ-ты 12:4, Ресейді 18:2 есебімен жеңсе, қырғыздар Моңғолия (16:0) мен Түркияға (15:1) еш мүмкіндік бермеді.

Бұған дейінгі Қазақстан мен Қырғызстанның өзара ойындары:

2016 жыл. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Финал

Қырғызстан - Қазақстан 15:3

2022 жыл. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Финал

Қазақстан - Қырғызстан 4:3

2024 жыл. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Финал

Қазақстан - Қырғызстан 5:4

Финалдық ойынға билеттер алдын-ала сатылып кетіп, трибунаға 30 мың жанкүйер жиналды. Бірінші таймның екінші минутында-ақ Ернар Жарылқасын жылдам есеп ашқанымен, қырғыздар 3 салыммен жауап берді.

Екінші таймда алаң иелері намысқа тырысып, Абылайхан Нышанбек 2 салым және құраманың көшбасшысы Құрманбек Тұрғамбек 1 салым салып, қайта алға шықты. Дегенмен ойынның бітуіне небәрі 30 секунд қалғанда қонақтар таразы басын теңестіріп, кездесу қосымша таймға ұласты.

Қосымша таймның 4-минутында Құрманбек Тұрғанбек Қазақстанға жеңіс сыйлады. Есеп: 5:4

Ұлттық құрамада салым салған ойыншылар:

Абылайхан Нышанбеков - 12

Құрманбек Тұрғамбек - 10

Ернар Жарылқасын - 8

Ернат Мәлімбай - 7

Арман Жамалбек - 5

Ұлан Байтөреев - 4

Бақытжан Әзімбай - 3

Әділет Мамыт - 3

Дәулет Айтан - 2

Құлажан Тоғайбаев - 2

Есжан Құрманбай – 1.