Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия кубогында бірінші орынды иеленді
Алматыда кадеттер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан рейтингтік Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа қазақстандық және шетелдерден 680 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы турнирді жалпы медальдық есепте бірінші орынмен аяқтады. Біздің жас дзюдошылар 7 алтын, 6 күміс және 14 қола медаль жеңіп алды. Алғашқы үштікке Өзбекстан мен Қырғызстан командалары да кірді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері рейтингтік ұпайларға ие болды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережелері бойынша чемпиондар 100 ұпай, күміс жүлдегерлер 60 ұпай, қола жүлдегерлер 40 ұпай алу керек. Бұл ұпайлар спортшыларға әлем чемпионатына іріктеу жарыстарына қатысуға мүмкіндік береді.
Кадеттер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогы алтыншы мәрте өткізілді. Жарысқа 2006-2007 және 2003-2005 жылғы спортшылар қатысты.
-->Алматыда кадеттер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан рейтингтік Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа қазақстандық және шетелдерден 680 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы турнирді жалпы медальдық есепте бірінші орынмен аяқтады. Біздің жас дзюдошылар 7 алтын, 6 күміс және 14 қола медаль жеңіп алды. Алғашқы үштікке Өзбекстан мен Қырғызстан командалары да кірді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері рейтингтік ұпайларға ие болды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережелері бойынша чемпиондар 100 ұпай, күміс жүлдегерлер 60 ұпай, қола жүлдегерлер 40 ұпай алу керек. Бұл ұпайлар спортшыларға әлем чемпионатына іріктеу жарыстарына қатысуға мүмкіндік береді.
Дзюдошыларымыз Азия кубогында өте жақсы нәтиже көрсетті. Жеңімпаздарға рейтингтік ұпай берілетін болғандықтан осал қарсылас болған жоқ. Жас спортшылардың жетістіктері отандық дзюдо күресі дұрыс бағытта дамып жатқанын және болашағы зор екенін көрсетеді. Елімізде аталған спорт түріне үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, жаңа әрі қолжетімді спорт нысандарын салып жатырмыз. Сондай-ақ дзюдо өте жоғары деңгейде дамыған Франция сияқты елдерден жаттықтырушы-кеңесшілерді жиі шақырамыз. Спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтаймын және болашақта оларға бұдан да жоғары нәтижелер тілеймін, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.
Кадеттер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогы алтыншы мәрте өткізілді. Жарысқа 2006-2007 және 2003-2005 жылғы спортшылар қатысты.