Спорт

Қазақстан құрамасы бүгін Аустрияға қарсы ойнайды

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 3-туры аясында сырт алаңда Аустриямен кездеседі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аустрия мен Қазақстан арасындағы кездесу Линц қаласында өтеді.

Ойын Астана уақытымен 23:45-те басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымын өз алаңында бастап, Норвегиямен (0:0) тең ойнады, одан кейін сырт алаңда Словения құрамасынан 0:3 есебімен жеңілді.