Спорт

Қазақстан құрамасы алдағы ойындарға дайындалып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриядағы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстандық футболшылар Кремс қаласында УЕФА Ұлттар лигасы аясында Аустрияға қарсы матчына дайындалып жатыр. Ал Аустрия – Қазақстан матчы 10 қазан күні Линц қаласы, «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 23:45-те», - делінген хабарламада.