Спорт

Қазақстан маунтинбайктан Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қытайдың Гуйчжоу қаласында маунтинбайктан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікте екі медаль жеңіп алды.

Аралас командалар арасындағы эстафетада ел құрамасы екінші орынға ие болды.

Сондай-ақ Денис Сергиенко күміс жүлдені жеңіп алды. Ол кросс-кантри дисциплинасында екінші нәтижені көрсетті.