Спорт

Қазақстан ұлттық құрамасы Кюрасаомен жолдастық кездесу өткізеді

 Бұл ойын Анталияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Матч бүгін Қазақстан уақытымен сағат 21:30-да басталады.

Екі тараптың келісімімен кездесу жабық форматта өтеді. Тек ойын нәтижесі жарияланады.

Кюрасао – Солтүстік Америкада орналасқан кішкентай ғана арал. Бұл елде небәрі 150 000 адам ғана тұрады.

Кюрасао ұлттық құрамасы сапында Рангело Янга ойнайды. Шабуылшы «Астана» футбол клубының сапында 2018-2020 жылдары екі маусым өнер көрсетті. Ол елордалық команда сапында 40 ойында 10 гол соқты.