Қазақстан футболшылары Түркияда легионер саналмайды
Түркия футбол федерациясы 2023-2024 маусымынан бастап, түркі тілдес елдердің футболшыларын легионер ретінде санаудан бас тартады. Бұл мемлекеттердің қатарына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түркіменстан, Әзербайжан кіреді, деп хабарлады Elorda.info.
Осы орайда «Тәуелсіздіктен бері Қазақстанның футболшылары Түркияда көп ойнаған ба?» деген сұраққа жауап іздеп көрдім.
Евгений Яровенко — 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиадада КСРО сапында доп теуіп, финалда Бразилияны 2:1 есебімен жеңген.
30 жастағы футболшы 1993-1995 жылдар аралығында Түркияның жоғары лигасында «Сарыерспор» клубында 34 ойын өткізген.
Александр Меркель — 29 жастағы футболшы 2021-2023 жылдар аралығында Түркияның жоғары лигасында «Газиантеп» клубында 34 ойын өткізіп, 3 гол соққан.
Әли Алиев — 27 жастағы футболшы 2007-2012 жылдары Түркияның 4 клубында (Акчаабат Себатспор, Кайсери Эрджиесспор, Карталспор, Диярбакырспор) 96 ойын өткізіп, 7 гол соқты.
Давид Лория — 31 жастағы қақпашы 2012 жылы Түркияның бірінші лигасында «Ризеспор» клубында өнер көрсетіп, жоғары лигаға өтуге көмектесті. Маусым қорытындысында бірінші лиганың үздік қақпашысы ретінде танылды. 2014 жылы өзге «Каршияк» клубында 7 ай өнер көрсетті.
Самат Смақов — 35 жастағы футболшы 2013 жылы Түркияның бірінші лигасында «Ризеспор» клубында 18 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Маусым қорытындысында бірінші лиганың үздік қорғаушысы ретінде танылды.
Антон Чичулин — 30 жастағы футболшы 2014 жылы Түркияның бірінші лигасында «Гиресунспор» клубында 18 ойын өткізіп, 1 гол соқты.
Қанат Байұзақов
-->Осы орайда «Тәуелсіздіктен бері Қазақстанның футболшылары Түркияда көп ойнаған ба?» деген сұраққа жауап іздеп көрдім.