Қазақстан – Финляндия: «Астана Арена» стадионына арнайы автобустар қатынайды
Бүгін футболдан Қазақстан – Финляндия іріктеу кезеңінің өтуіне байланысты жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында Астананың 5 тұрақ торабынан арнайы шаттл-автобустар жүреді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Автобустар қаладағы төменде көрсетілген орындардан ойын өтетін стадионға тікелей қатынайды:
- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы.
Шаттл-автобустар тұрақтардан сағат 19:00-де қозғалады.
Футбол матчын өткізу кезеңінде қоғамдық көліктерді пайдалануға шақырады.
-->Автобустар қаладағы төменде көрсетілген орындардан ойын өтетін стадионға тікелей қатынайды:
- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы.
Шаттл-автобустар тұрақтардан сағат 19:00-де қозғалады.
Футбол матчын өткізу кезеңінде қоғамдық көліктерді пайдалануға шақырады.
Матч аяқталған соң футбол көрермендерінің ыңғайлылығы үшін қосымша №10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және №303 қала маңы бағдарлары Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамада тұрады, - делінген хабарламада.