Қазақстан еркін күрестен Албаниядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингтік турнир басталды. Бірінші күні қазақстандық еркін күрес шеберлері үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Болат Сақаев күміс жүлдегер атанды. Финалда ол америкалық Чендлер Марстеллерге жол берді.
Ал Мұхаммед Балғабай (61 келі) мен Рустам Мырзағалиев (86 келі) қола жүлде иегері атанды.