Спорт

Қазақстан дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына қатысып жатыр

Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Ар-Риядта Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Green Halls кешенінде өткен ауқымды іс-шарада қатысушы 80-нен астам мемлекеттің өкілдеріне түрлі қойылымдар, жекпе-жек түрлерінің ерекшелігі жайлы көріністер ұсынылды.

Бұл ойындарға Қазақстан 9 спорт түрінен 53 атлеттен делегация жасақтап алып барды. Алдағы күндері алғашқы жүлде жиынтығын самбошылар сарапқа салады. Қазір боз кілем шеберлері салмақ өлшеп, ертеңгі жүлде жолындағы жекпе-жектеріне дайындалып жатыр.

Әлем чемпионатына аз уақыт қалды. Соған қарамастан осында көптеген салмақта мықты спортшыларды алып келдік. Ерлер мен әйелдер үшін де жеребе жолдас болған жоқ. Соған қарамастан жақсы нәтиже көрсетуге шама-шарқымыз жетеді. Атап айтар болсам, жауынгерлік самбода Әділбек Сейісов (64 кг), Асқар Абдулла (98 кг), ал спорттық самбода Сағыныш Әліпбай (71 кг), Темірлан Көлбай елге жүлдемен оралады деген сенімдеміз, - деді самбодан Ұлттық құраманың бас бапкері Біржан Имақов.

Жалпы Ар-Риядтағы ойындар бағдарламасында 16 спорт түрі бар. Бұл қатардағы дзюдо, таеквондо, күрес, семсерлесу мен бокс Олимпиада санатында. Сондай-ақ айкидо, армрестлинг, джиу-джитсу, каратэ, кендо, кикбоксинг, тай боксы (муай-тай), самбо, сават (француз боксы), сумо мен ушу бар.

-->

Елімізде жекпе-жек түрлері жоғары деңгейде дамып жатыр. Оның үстіне халықтың басым бөлігі аталған спортты тұрақты бақылап отырады. Бокс, дзюдо, каратэ, кикбоксинг пен армрестлингтен ірі жарыстарда Ұлттық құрамамыз үздік ондықта жүреді. Сауд Арабиясындағы бұл кешенді жарысқа делегация жақсы дайындықпен келді. Кей спорт түрлерінен әлем чемпионатымен қатар келгеніне қарамастан, бәсекеге қабілетті команда жасақтадық, - деді ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің маманы, әрі Қазақстан делегациясының жетекшісі Келбет Нұрғазина.