Спорт

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатында топ жарды

Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды, оның жетеуі – алтын. Нәтижесінде отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты (жеті алтын, бір күміс және екі қола).

Екінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды – алты алтын, екі күміс, үш қола. Үндістан екі алтын, бір күміс және бір қола жүлдемен үшінші орынға тұрақтады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеті алтын медальмен аяқтады. Бірінші орын иеленгендер: Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (+90 келі).

Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Виктория Графеева (60 келіге дейін) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен ерекшеленді.