Қазақстан батуттағы гимнастикадан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстан ерлер құрамасы батуттағы гимнастикадан Риччоне (Италия) қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы синхронды секіруде сәтті өнер көрсетті.
Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов жұбы қола медаль жеңіп алды.
Олар жарыс қорытындысы бойынша 51,090 ұпай жинады.
Жарыста бірінші орынды Германия спортшылары жеңіп алды – 51,570 ұпай, екінші орын – Франция құрамасына бұйырды – 51,350 ұпай.
Айта кетейік, бұған дейінгі әлем кубогының кезеңінде де қазақстандықтар жүлдеге қол жеткізген болатын. Ол кезде Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруде күміс медаль жеңіп алған болатын.