Спорт

Қазақстан батуттағы гимнастикадан күміс медаль жеңіп алды

Батуттағы гимнастикадан Қазақстан құрамасы жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандық спортшылар Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды.

Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруде күміс медаль еншіледі.

Айта кетейік, отандастарымыз бұл турнирде тек Жапонияға жол берді. Үздік үштікті Мексика құрамасы қорытындылады.