Қазақстан бадминтоннан Ганадағы турнирде қола жүлдеге қол жеткізді
Бадминтоннан Қазақстан құрамасының өкілдері Дмитрий Панарин мен Мақсұт Тәжібуллаев Аккрада (Гана) өткен JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Олар ерлер арасындағы жұптық сайыста үшінші орынға ие болды.
Спортшылар турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Алайда бұл кезеңде үндістандық Абинаш Моханти мен Аюш Паттанаякке есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.