Спорт

Қазақ боксшылары халықаралық турнирде 21 медаль жеңіп алды

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Румынияның Браиле қаласында өткен Dracula Open-2025 турнирінде 21 медаль жеңіп алып, жалпы есепте көш бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Турнирдің финалына 15 қазақстандық шығып, оның төртеуі чемпион атанды. Ал 11 спортшы күміс жүлдеге ие болса, алты боксшы қола жүлдеге қол жеткізді.

Алтын жүлдені Арман Мірсәбит (46 келі), Дулат Азиз (57 келі), Төреғали Сейдуллаев (70 келі) және Әділ Меделхан (80 келі) жеңіп алды.

Күміс медальға Алмас Жүнісов (46 келі), Асылан Жеңісбаев (48 келі), Едіге Нұрғожа (50 келі), Ұлас Әлімжан (52 келі), Мадияр Әбдікәрімов (54 келі), Амар Рамазан (63 келі), Темірлан Ералиев (66 келі), Абылай Талғат (70 келі), Мансұр Амантай (75 келі), Нұрасыл Айтекеев (80 келі) және Еркетаң Жарқынбек (80 келіден жоғары) қол жеткізді.

Ал үздік үштікті Заманхан Амангелді (50 келі), Саят Қаратаев (60 келі), Дарын Тасмұханбетов (63 келі), Таңнұр Сейсенбай (75 келі), Бақдәулет Тәжі (80 келі) және Темірлан Найзабасов (80 келіден жоғары) түйіндеді.

Осылайша отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.