Спорт

Қазақ балуаны әлем чемпионы атанды

Иордания астанасы Амманда өткен күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз ел қоржынына алтын медаль салды,деп хабарлады Elorda.info  Ұлттық олимпиада комитетініе сілтеме жасап. 

Грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Исхар Құрбаев чемпион атанды.

 Осылайша, Исхар араға 7 жыл салып қазақ балуандары арасынан әлем чемпионатының алтынын алып отыр. 

Айта кетйік,осыдан жеті жыл бұрын Темірлан Шадукаев чемпион атанған болатын.  

-->

 Ол чемпионат барысында түркиялық Эмре Мутлуді 6:1, түркменстандық Абдуали Рахымбаевты 8:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қырғызстандық Нұрсұлтан Сүйеуқұловты ұтса, финалда әзербайжандық Фарих Садыхлыны 5:1 есебімен жеңген,-деп жазды ҰОК. 