Спорт

Қазақ баласы әлем чемпионына шайба соқты

Хоккейден Латвия мен Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті рет ұпай ала алмады, деп хабарлады Elorda.info.

Канада — Қазақстан 5:1 (4:1, 0:0, 1:0)
1:0 - Уигер (Блэйс, Велено) - 00:19
2:0 - Крауз (Уигер, Куинн) - 05:05
3:0 - Крауз (Лоутон, Бэррон) - 07:50
3:1 - Бекетаев (Данияр, Рымарев) - 09:55
4:1 - Велено (Блэйс) - 19:22
5:1 - Блэйс (Велено, Лучич) - 41:55.

Былтырғы әлем чемпионынан тайсалмай ойнаған Қазақстанның жас құрамасы қарсылас қақпасына 18 мәрте дәл соққы жасады.

Оның үстіне Қазақстан құрамасы сапынан Әділ Бекетаев шайба соқты. Бұл ерекше жайт. Неге? Себебі, бұған дейін жоғарғы дивизионда қарсылас қақпасына шайба салған 2-ақ қазақ тіркелген.

Талғат Жайлауов — жоғарғы дивизионда қарсылас қақпасына 4 шайба соққан.

2005 жылы Италия қақпасына шайбасын соққан.

2012 жылы 2 шайбаны Франция мен АҚШ қақпасына соққан.

2014 жылы 1 шайбаны Латвия қақпасына соққан.

Әлихан Асетов — 2022 жылы шешуші ойында Италия қақпасына 1 шайба соқты.

Әділ Бекетаев — 2023 жылы әлем чемпионы, хоккей отаны Канадаға шайба салды.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->