Спорт

ҚазҰУ студенті халықаралық суда жүзу жарысында жеңімпаз атанды

Қазақ Ұлттық университетінің студенті халықаралық «Oceanman Kazakhstan-2023» ашық суда жүзу жарысында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жарыс Астананың 25 жылдығына орай өткізілген. Чемпионатта топ жарған Елдар Шекербек жыл соңында Таиландта өтетін финалға қатысып, бақ сынайды. 

Бұл  жарысқа әлемнің 20 елінен 7 жастан 70 жасқа дейінгі және одан жоғары сегіз санаттағы жүзуші спортшылар қатысты. 

Айта кетейік, «Oceanman» халықаралық жүзу жарыстары теңізде немесе ашық су айдындарында өткізіледі. 

-->