Спорт

«Қайрат» - «Пафос» матчына билеттер сатыла бастады

«Қайрат» футбол клубы 21 қазанда өз алаңында кипрлік «Пафос» командасымен ойнайды. Матч билеттері сатыла бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қайрат» футбол клубының Instagram желісіндегі жазбасына сілтеме жасап.

Клуб өкілдері жанкүйерге матч өтетін күнді еске салып, билетті қалай алуға болатынын хабарлады.

«21 қазанда сағат 21:45-те УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің кезекті матчы өтеді. Бұл кездесуде командамыз Кипр чемпионын қабылдайды.

Билетті Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады», - делінген жазбада.

Билет алу бойынша шектеу енгізілген.

Бір ЖСН-ға ең көп дегенде екі билет алуға болады.

Шетел азаматтары төлқұжат деректерін көрсете алады.

Стадионға кірер алдында құжат тексеріледі.