Спорт

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында «Реал Мадридке» жол берді

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында «Қайрат» (Алматы) өз алаңында Испанияның «Реал Мадрид»  клубына есе жіберді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бірінші таймда қонақтар 9 соққы жасағанымен, бір мәрте ғана гол соға алды. Ойынның 26-минутында Килиан Мбаппе алматылық клуб қақпасына белгіленген пенальтиді мүлтіксіз орындады.

Екінші таймда испандық ұжым қарымта шабуылда керемет ойнай білді. Нәтижесінде әлемдегі ең жылдам футболшының бірі саналатын Килиан Мбаппе 52, 74-минутта тағы екі мәрте мергендік танытты. Одан кейін Эдуарду Камавинга 83-минутта басымдықты арттыра түссе, қосымша минутта Браим Диас ойын нүктесін қойды. Осылайша алматылық клуб қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді. 

Енді «Қайрат» клубы 21 қазан күні Кипр чемпионы «Пафосты» қабылдайды.