Спорт

«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды

Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін сәтті аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандық клуб өз алаңында Шотландияның «Селтик» командасымен кездесті.

Клубтар арасындағы алғашқы ойын Глазгода өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Алматыдағы жауапты кездесуде де командалар гол соға алмады.

Ойыннан кейінгі пенальти сериясында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков қарсыластың үш бірдей соққысын қайтарды. Нәтижесінде, алматылықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, жеребе тарту рәсімі 28 тамызда өтеді.