«Қайрат» – «Астана»: бүгін ҚПЛ чемпионы анықталады
Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымындағы шешуші матч өтеді. Чемпиондық тәж үшін Алматының «Кайраты» мен елордалық «Астана» кездеседі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қайрат» – «Астана» матчында осы жылдың чемпионы анықталады. Ойын Алматыда өтеді.
«Астана» командасы алматылық қарсыласынан екі ұпай қалып тұр.
26 қазанда келесі матчтар да өтеді: Ақтөбе – Ордабасы, Жетісу – Қызылжар, Оқжетпес – Тұран, Елімай – Атырау, Жеңіс – Қайсар және Ұлытау – Тобыл.
Айта кетейік, барлық ойындар сағат 15:00-де басталады.
«Қайрат» – «Астана» ойынын Qazsport телеарнасы, сондай-ақ KFF лигасының YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетеді.