Ауыр атлетикадан қазақстандық жасөспірімдер әлем чемпионатында топ жарды
Албанияда өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы медальдардың жалпы саны бойынша бірінші орынға ие болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Алтын медальдарды 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков пен 102 келіге дейінгі салмақта Никита Әбдірахманов жеңіп алды. Екі спортшымыз да жұлқа және серпе көтеру қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетті. Нұрдос Сабыр (89 келіге дейін) мен Таисия Алексеева (64 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
-->

Спортшыларымызды және барлық қазақстандық жанкүйерлерді осынау жетістікпен құттықтаймын. Біздің жас ауыр атлеттерге болашақта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілеймін. Жаттықтырушыларға да ерекше алғыс айтамын. Себебі олардың еңбегінің арқасында отандық ауыр атлетика мектебі Қазақстанды жаңа чемпиондардың есімдерімен әлемге танытып жатыр, – деп жазды министр.