Аударыспақтан ұлттық құрама спортшылары финалға өтті
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан сынға түсіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының үш бірдей спортшысы финалға өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аударыспақ ипподром маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Жарысқа 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді.
Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.
Қазақстан намысын қорғап жатқан Ермек Құралбай (60 келі), Алмат Ләтіпбек (70 келі), Дарын Өткелбай (80 келі) финалға шықты.
Айта кетейік, 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.