Спорт

Астаналық жасөспірімдер футболдан ел чемпионы атанды

Астанада 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздің 12 өңірінен жеткіншек футболшылар қатысқан жарыста «Астана қаласының №8 Балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған олимпиадалық резерв мектебі» командасы жеңімпаз атанды.

«Жас батыр» стадионында өткен жарыстың іріктеу ойындарынан кейін Астана қаласының, Жамбыл және Қостанай облысының командалары чемпионат жүлделерін сарапқа салды. Бұл сында Астана қаласының «№8 БЖМОРСМ» командасы (жаттықтырушылары Ернар Тілеуқұлов, Жамбыл Молдашбаев) ұпай санымен қарсыластарынан басым түсіп ел чемпионы атағын жеңіп алды. Күміс жүлдеге Жамбыл облыстық БЖМСМ тәрбиеленушілері ие болса, үздік үштікті Қостанай облысының жасөспірімдері түйіндеді.

Чемпионат жеңімпаздарын Астана қаласы мәслихатының депутаты, қалалық футбол федерациясының президенті, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория құттықтап, үздік ойыншыларға арнайы жүлделерді тапсырды.

Астана қаласының №8 БЖМОРСМ мекемесінің директоры Дінмұхамед Құрамаев республика чемпионы атанған балалар мен жарыста жанкүйер болған ата-аналарды, жаттықтырушыларды жеңістерімен құттықтап, ризашылығын білдірді.

Ал жарыстың үздік ойыншылары болып мына футболшылар танылды:

«Үздік қақпашы» – Әлімжан Камалиев (Жамбыл облысы);

«Үздік қорғаушы» – Арнұр Мұрат (Астана); 

«Үздік жартылай қорғаушы» – Нұрай Әділхан (Жамбыл облысы);

«Үздік шабуылшы» – Эльдар Жармағанбетов (Қостанай облысы);

«Үздік сұрмерген» – Әділбек Атабай (Астана);

«Үздік ойыншы» – Сүлеймен Халмұрат (Жамбыл облысы).

                                                                      Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

-->

Осындай жарыстар үлкен спортқа жол ашады. Чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны байқалды. Жеңімпаздар бүгінгі жүлделерің құтты болсын! Алдағы уақытта да аянбай жаттығып, мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспін. Сендердің араларыңнан келешекте ұлттық құраманың сапында Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар шығатынына сеніммен қараймын, - деді атақты футболшы жасөспірім футболшыларды марапаттау кезінде.

Астана қаласының №8 БЖМОРСМ мекемесінің директоры Дінмұхамед Құрамаев республика чемпионы атанған балалар мен жарыста жанкүйер болған ата-аналарды, жаттықтырушыларды жеңістерімен құттықтап, ризашылығын білдірді.

Бұл жеңіс – үлкен еңбек пен тәртіптің нәтижесі. Чемпион болғандарың құтты болсын! Әрине, қарсыластар да осал болмады, бірақ сендер жеңіске деген орасан жігерді көрсеттіңдер, - деді футбол мектебінің директоры Д.Құрамаев. 