Астаналық тоғызқұмалақшылар Азия чемпионатында топ жарды
Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында тоғызқұмалақтан VI Азия чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа 9 елдің (Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Бангладеш, Филиппин, Ресей Федерациясының Алтай және Саха Республикалары, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан) 200-ден астам спортшысы қатысты.
Жарысты Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Моңғолия тоғызқұмалақ федерациясы өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының тоғызқұмалақшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтқанда, тоғызқұмалақтың классикалық түрі бойынша 19 жас ұлдар арасында Ернұрсұлтан Боранбай екінші орын алса, ерлер арасында Биғали Зкрияев үшінші орынға қол жеткізді.
Рапид түрі бойынша әйелдер арасында Гүлнар Базаралиева 1-орынды жеңіп алды.
-->Жарысқа 9 елдің (Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Бангладеш, Филиппин, Ресей Федерациясының Алтай және Саха Республикалары, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан) 200-ден астам спортшысы қатысты.