Спорт

Астаналық құтқарушы грэпплингтен Азия чемпионы атанды

Ташкентте AIGA эгидасымен грэпплингтен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарысқа 12 елден 1 мыңнан астам спортшы қатысты.

Осы беделді турнирде Қазақстанның атынан ең мықты балуандар қатысты. Олардың арасында елордалық құтқарушы Көшен Ақанов ерекше көзге түсті.

Ол бүкіл турнирден өтіп, Азия чемпионы атағын алу арқылы өзінің шеберлігі пен тактикалық дайындығын көрсете білді. Оның жеңісі еліміздің спорт қауымдастығы үшін ғана емес, әріптестері үшін де жарқын оқиғаға айналды, өйткені Көшен спорттық мансабын құтқарушы қызметімен ұштастыруда.