Астаналық спортшылар Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды
17-22 қыркүйек аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында паракаратэден Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 7 елден келген 30-ға жуық параспортшы өзара сынға түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Дүбірлі додада Астана қаласының төрт спортшысы «Ката» санаты бойынша ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтқанда, алтын медальді көру қабілеті бұзылған спортшылар санаты бойынша өнер көрсеткен Ләззат Жүсіпова алса, екінші алтын жүлдені интеллектуалдық мүмкіндігі шектеулі спортшы Нұржайна Жаннетова иеленді. Тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында бәсекеге түскен Дидар Мұхамеджанов күміс медальді еншіледі. Тағы бір спортшымыз Рустам Билялов (көру қабілеті зақымданған спортшылар санаты) айтулы доданы 5-орынмен аяқтады.