Спорт

Астаналық спортшылар асық атудан әлем кубогінде алтын медаль иеленді

Түркия астанасы Анкарада өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем кубогіне 10 елдің 60-қа жуық спортшысы қатысып, қазақстандық спортшылар топ жарды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған алты спортшының бесеуі алтын, біреуі күміс жүлдеге ие болды. Соның ішінде екі астаналық спортшы Аружан Сүйментай (Бірінші сақа) және Балмира Бекбосынова (Екінші сақа) алтыннан алқа тақты.

Жалпыкомандалық есепте отандастарымыз бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды қырғыз елінің спортшылары иеленсе, үздік үштікті түркиялық спортшылар түйіндеді.