Астаналық әскери қызметшілер арасындағы чемпионат аяқталды
Астаналық әскери қызметшілер арасындағы чемпионат аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы, полковник Арман Әбеуов жарысқа қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
Чемпионат қорытындысына келсек, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелері арасында жалпы командалық есепте Заң департаментінің командасы жеңіске жетті. Бас штаб Жедел жоспарлау департаментінің командасы күміс жүлде олжаласа, Қорғаныс министрлігінің Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығы қола жүлдегер атанды.
«Үздік техника» номинациясында Заң департаментінің қызметкері Жанель Ардақ, «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» аталымында – ҚР Азаматтық авиация қауіпсіздігін қадағалау департаментінің сержанты Әсел Досова, «Белсенді қатысқаны үшін» – Әкімшілік департаментінің майоры Алена Ақымбекова марапатталды.
Қарулы Күштердің бас басқармалары мен басқармаларының арасында бірінші орынды – Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің командасы, екінші орынды – Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың спортшылары еншіледі. Үздік үштікті Әскери полиция бас басқармасының командасы тұйықтады.
Аталмыш бөлімшелер арасында «Үздік техника» номинациясында Әскери полиция бас басқармасының офицері, майор Бауыржан Мұқышев, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясында Әскери инфрақұрылым бас басқармасының әскери қызметшісі, кіші сержант Аружан Әшім марапатталды.
Айта кетейік, Орталық спорт клубы ұйымдастырған жарысқа 37 команда құрамында 111 спортшы қатысты. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтті.
-->Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы, полковник Арман Әбеуов жарысқа қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
Қорғаныс ведомствосының құрылымдық бөлімшелері арасында үстел теннисінен турнирлер ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналды. Мұндай деңгейдегі чемпионат осымен он үшінші рет өтуде. Жарыс спортшыларға ең жақсы қасиеттерін көрсетуге, төзімділік пен жеңіске деген ерік-жігерге тәрбиелеуге мүмкіндік береді, – деді ол.