Спорт

Астаналық Санжар Досжанов Азия чемпионы атанды

Санжар Досжанов (70 кг) елордада өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Ол финалда өзбекстандық Зафарбек Отакхоновты сенімді ұтты.

Елордалық балуан 1/8 айналымда оңтүстік кореялық Сук Хон Паркты таза ұтқан. Сосын қырғызстандық Орозобек Токтомбетовпен өте тартысты белдесу өтті. Отандасымыз бұл айқаста да үстем түсіп, жартылай финалға шықты. Осыдан кейін Санжар ирандық Мортеза Хассанәліні сенімді жеңді.

Айта кетейік, былтыр Моңғолияда бұл салмақта күрескен Ұлттық құрама өкілі Сырбаз Талғат қола медаль жеңіп алған болатын.

-->