Спорт

Астаналық параспортшы Азия Паралимпиада ойындарына қатысатындарға сәттілік тіледі

Елордалық пара жеңіл атлетика спортшысы Айсұлу Сүлейменова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін IV Азия Паралимпиада ойындарына қатысатын астаналық спортшыларға сәттілік тіледі, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, IV Азия Паралимпиада ойындары 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында өтеді. Оған бас-аяғы 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыс спорттың 22 түрінен өткізіліп, 564 алтын медаль сарапқа салынады.

Еліміздің атынан 131 спортшы 14 спорт түрінен сынға түседі. Олардың қатарында астаналық құрама команда спорттың 4 түрі бойынша яғни, пара дзюдо, пара үстел теннисі, пара оқ ату мен пара жүзуден жарыс жолына шығады.

Азия Паралимпиада ойындарына қатысатын Астана қаласының спортшылары:

Пара дзюдо Ақмарал Науатбек (-48 кг), Ерғали Шамей (-73 кг), Асылан Нұрдәулетов (-73 кг) пен Бауыржан Арыстанбеков (-90 кг).

Пара үстел теннисі Балзия Таш, Алтынай Ержанқызы, Сәуле Айдарханова мен Александра Степанова.

Пара оқ ату Александр Пасхалиди.

Пара жүзу Сиязбек Далиев.

-->

Өздеріңіз білесіздер, қазір Қытайда Азия ойындары өтіп жатыр. Сол жарыс аяқталғаннан кейін екі аптадан соң біздің параспортшыларымыз Ханчжоу қаласына атанады.
Осы орайда ел намысын қорғайтын барша параспортшыларымызға және Астана қаласы құрамасына сәттілік тілеймін. Сіздердің спорттық жетістіктеріңіз, жеңіске деген ерік-жігерлеріңіз – спорттың биік шыңы. Бүкіл ел сіздерге жанкүйер болады. Еліміздің туы әрдайым биікте желбірей берсін! Алдағы жарыста сәттілік серік болсын! - деді А.Сүлейменова.