Астаналық каратэшілер халықаралық жарыста 15 алтын медаль жеңіп алды
Алматыда каратэ-до кекушинкайдан өткен «Әлемдік гран-при» халықаралық турнирінде Астана қаласының спортшылары ел намысын абыроймен қорғады, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауқымды додаға Пәкістан, Тунис, Ресей, Иран және Қазақстанды қоса алғанда, 8 елден 800-ден астам спортшы қатысты. Жарыс татамиіне 6 жастан 18 жасқа дейінгі жас каратэшілер шықты.
Астаналық жас спортшылар жоғары дайындықтары мен табандылықтарының арқасында жалпы командалық есепте үздік нәтиже көрсетіп, 15 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.